СОЗАҚ АУДАНЫ: ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн-ға көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.