Топты жарып, жетістікке жеткен жастардың еңбегіне қуанатынымыз бар. Бірі өнерімен, бірі білімімен, енді бірі спорттағы жеңісімен ел абыройын асқақтатып жүр. Әсіресе туған жерден түлеп ұшқан талантты жастардың еңбегі шетелге жетіп, есімі халықаралық деңгейде атала бастағанда, оның қуанышы тіптен бөлек екен. Бір жастың ғана жетістігі емес, ортаның, қазақ жастарының ізденісі мен мүмкіндігінің көрінісі. Осындай қуаныштың бірін бүгінде ақын, жазушы әрі аудармашы Сүндет Сейітовтің шығармашылық жолынан көруге болады. Шымкентте тұратын жас қаламгердің кітаптары мұхит асып, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және әлемнің бірқатар елдеріндегі кітапханалар мен кітап дүкендерінің каталогына еніп отыр.