Түркістан облысы: Кентауда қалалық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Қазіргі таңда Түркістан облысында 4 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде былтыр мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруымен Кентау қалалық ауруханасының «А» корпусы толық күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген болатын. Биыл «А1» корпусын толық күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінде құрылыс жұмыстары жасалуда. Келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр.