Super User

Super User

Түркістан: жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, қолдау көрсету жұмысы күшейген

Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуық жас ауылда тұрады. Олардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасуы маңызды. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі жастар саясаты, жас өскінге қолдау көрсету мәселесі талқыланды.

Түркістан облысында төрт түлік пен үй жануарларына 30,1 млн. вакцина егіледі

Түркістан облысында ветеринария саласына тиісті қолдау көрсетіліп, жұмыстар күшейтілді. Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы тиісті іс-шаралар атқарылуда. 2023 жылы барлығы 13 ауруға қарсы 29,5 млн. доза вакцина егіліп, жоспар толығымен орындалды. 2024 жылы 30,1 млн. доза вакцина егу жоспарланып, бүгінгі таңға 12,8 млн. доза вакцина бөлініп, аудан, қалалардағы уақытша сақтау қоймаларына жеткізілген. Төрт түлікке екпе жұмыстары басталуда.

Түркістан: Дархан Сатыбалды түрік инвесторларымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркиядан келген инвесторлар – «Е.С.А SEREL» компаниялар тобының өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында зауыт ашу мәселесін талқылады. Бірегей жоба Мемлекет басшысының түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 

Түркістан облысында мемлекеттік қызмет саласында қатысты құқықбұзушылықтар 78 пайызға азайған

Түркістанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ильхам Аметовтың қатысуымен министрлікке бағынысты өңірлік мекемелердің ұжымдарымен кездесу өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен этика нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдепті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу