Super User

Super User

Шымкенттік депутаттар ардагерлерді құттықтады

Қалада алапат соғысқа қатысқандардан 2 ардагер бар. Олардың бірі - Нина Егоровна Масунова. 100 жастағы майдангер әжей соғыс кезінде радист болған. Ал екінші майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасқан- Мұраталы Төлепберген ақсақал. Ол қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мереке қарсаңында мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Төлепбергенұлы мен Н.Масунованың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады. 

Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті. 

Шымкент: ОҚПУ-да жаңа әскери кафедра ашылды

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылды. Жаңа кафедра ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқытылған резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған. Бастапқыда 100 студентті қабылдаған кафедрада білім алушылар саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық құрам, 15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған. Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлер болып табылады. 

Осы RSS каналға жазылу