Super User

Super User

Түркістан облысы: Мәжіліс депутаты Созақ ауданының ахуалымен танысты

Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Берік Серікұлы Оспанов арнайы іссапармен Созақ ауданында болды. Халық қалаулысы өз сапарын Созақ ауылында облыстық бюджет есебінен салынып жатқан 1 колледж ғимараттарының құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады. 

Жансейіт Түймебаев: «Мұғалімдерді жөнсіз жұмсау тоқтатылуы керек»

Сәрсенбіде Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласында білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтті. Жиынға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, ұстаздар, білім саласының ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары және өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысты. Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жүргізіп отырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Сәрсенбіде Үкіметтің селекторлық отырысы өтті. Күн тәртібінде Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жылдың алты айында іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық барысы және 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық мәселелері қаралды. Аталмыш салалар бойынша Премьер-Министр Б.Сағынтаев министрлер мен облыс басшыларының баяндамасын тыңдады. Жаңа оқу жылына дайындық бойынша Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған саладағы мәселер облыс әкімдігінің толық бақылауында екендігін жеткізді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.

Осы RSS каналға жазылу