Қуантарлық жаңалық, цифрлы теледидардың қабылдау бөлімінің үлкен залына орналасуы. Бұл ақпаратты теледидар арнайы сайт арқылы жұмыс істейді. Емханаға келуші науқастар немесе дәрігер кеңесін алушылар осы теледидар арқылы қалағанын көріп, дәрігер кезегіне жазыла алады. Тиісті нүктені бассаңыз, денсаулығыңызды сеніп тапсыра алатын дәрігеріңіз жайлы ақпаратты толық ала аласыз. Бұл жаңа дүние арқылы дәрігердің жұмыс кестесін де толық білуге болады. Қай уақытта бос болатынын, сол уақытқа жазыла алу мүмкіндігін де осы сайттан табасыздар. Кезінде емхана барып келген жақындарымыздан "таңертеңнен кешке дейін сандалып жүрдім, шаршадым" деп айтқандарын көп есітетінбіз. Ал қазір жағдай да, заман да мүлде бөлек. Емханада ашылған жаңа қызмет түрі арқылы қалаған уақытыңызда келіп, дәрігерге қаралып, уақытты да үнемдей аласыздар. Аз уақытта денсаулығыңызды реттеуге мүмкіншілік туды деген осы болар. Тіптен қаласаңыз, үйде жатып-аққалта телефоныңызға арнайы сайтты тіркеп алып, көрсетілген құпия кодыңыз арқылы қосылып, жұмысыңызды тындыра аласыз. Бұлцифрлы, ақпаратты Қазақстанның игілігі деп білеміз. Енді баяғыша есік-есікті сығалап, аяқ пен табан тоздыру – ескінің есесінде қалған дүние. Жаңаның жаңалығын жанымызға жарату үшін халықты осындай ақпаратты технологияға үйрету керек екенін білеміз. Сол себепті де, көзі ашық, көкірегі ояу аудан тұрғындарын тап осы тиімді дүниені әжеттеріне жаратуды әдетке айналдырса деген ниет білдіреміз.
«Халықты жаңа дүниемен жұмыс істеуге бағыттау үшін бізде көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Арнайы ақпараттық-технологияға жауапты мамандар емханаға келушілермен тығыз байланыс жасауда. Әр кірген науқастар мен келушілерге осы ақпарттық теледидар жұмысын түсіндіріп, сайтты қажетінше қалта телефонына жаздырып алуды насихаттауда. Халық бұл жаңа дүниеге тез үйренді. Өйткені заманымыз ақпараттың дамыған дәуірінде. Сол себепті де, тұрғындар арнайы сайтқа тіркелуді тез бастады. Олар дәрігер қаралуына қалаған уақытында жазылып, керекті мағлұматты сайт арқылы біліп отыр. Сайт тілі тұрғындарға түсінікті, өте қарапайым болу үшін біздер арнайы сайт жобасын жасақтап жатырмыз. Сайт жасалуда. Ары кетсе бір жетінің көлемінде дайын болып, халыққа ұсынылады деген сенімдеміз. Ол жобада бәрі нақты, анық әрі түсінікті көрсетілген. Енді сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз,- дейді бас дәрігердің емхана ісі жөніндегі орынбасары Ақылбаева Жансұлу Маякқызы.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.