Осындай көрсеткішпен вакцина салдыру бойынша өңіріміз республикада Алматы қаласынан кейін екінші орында. Мамандар осылайша тұрғындардың ауқымды түрде екпе салдырып жатқанын жоспарға сай егу бригадаларын құрып, жүйелі түрде насихат жұмыстарын жүргізуімен байланыстырады.
Өңіріміздегі екпе егу жұмыстары аудан қалалардағы емханаларда және жылжымалы вакцинациялау пукнтерінде жүргізіліп жатыр. Яғни, арнайы топ шалғай жатқан ауылдардағы үй-үйді аралап, азаматтарға ерікті түрде коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар жасауда. Бүгінде облыс аумағында 237 дәрігер, 252 орта буын қызметкерлерінен құралған 80 егу бригадасы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, аймақта азаматтарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық арнайы медиа жоспар әзірленген. Осыған байланысты бүгінге дейін 41 460 (плакат) ақпараттық материал дайындалған, 93 000 парақша таратылды. Одан бөлек, телеарналар және әлеуметтік желілер арқылы 207 бейнеролик пен сюжет көрсетіліп, 122 баспада мақалалар жарияланды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат