Мақтааралда жастар арасында дүркіреген көкпар өтті
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жаңа жол ауылдық округіне қарасты «Жеңіс» ауылы жастарының ұйымдастыруымен Мақтааралда дала төсін дүбірлеткен аламан көкпар болып өтті.
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жаңа жол ауылдық округіне қарасты «Жеңіс» ауылы жастарының ұйымдастыруымен Мақтааралда дала төсін дүбірлеткен аламан көкпар болып өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде 2019 жылдан бастап Android платформаларына арналған мобильдік қосымша іске қосылғаны белгілі.
Шардарада асық ату және бес асық ойындарынан мектеп лигасы өтті. Аталған жарысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден келген мектеп командалары қатысты. Мұндағы басты мақсат - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Ал асық ату - көне заманнан келе жатқан қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан, қазақ баласының қанына біткен ұлттық ойыны.
Ұлттық құндылықтар ұлықталған сайыс тартысты да қызықты өтті. Жарыста жүзден жүйрік атанғандар жеңіс тұғырынан көрінді.
Алғашқы бес асық ойынында І-ші орынды "С. Құрманғазы" командасы иемденсе, ІІ-ші орынды "С. Кәттабеков" командасы иемденді. Ал "А. Иманов" командасы ІІІ-ші орынды қанжығаларына байлады.
Асық ату бойынша І-ші орын С. Құрманғазы командасына бұйырса, С. Кәттабаев пен Ш.Уәлиханов мектеп командалары ІІ-ІІІ орындарды қанағат тұтты. Жарыс соңында жеңіске жеткен командалар марапатталды.
Айта кету керек, бұл ойын мазмұны жағынан ұтыс ойыны тобына жатады. Қазіргі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады, дәлдікке, есепке үйретеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды «Еріктілер» жылы деп жариялағаны баршамызға мәлім. Осы орайда Түркістан облысының жастары өз белсенділіктерін айрықша байқатуда.