Отырар ауданында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді
Отырар ауданында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғындар арасында газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.