Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2024 16:05

Бизнес-омбудсмен Шымкентте үш өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесті

Импорттық өнімге басымдық беріліп, отандық өнімге қолдау азайған. Шымкенттік кәсіпкерлер өңірге іс сапармен келген Қазақстан Республикасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Қанат Нұровқа бизнесте орын алып жатқан проблемаларды жеткізді.

Жиында кәсіпкерлер салықтың да салмағы басып тұрғанын айтты.

Шымкент қаласы мен Түркістан, Жамбыл облыстарының кәсіпкерлері мегаполисте бас қосты. Жиынға, кәсіпкерлерден өзге үш өңірдегі мемлекеттік, құзырлы-бақылау органдарының басшылары да қатысты. Олар Шымкентке іс-сапармен келген бизнес-омбудсмен Қанат Нұровпен өткен жиынға қатысып, бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді талқылады. Бас қосуда кәсіпкерлер текстил, кондитерлік өнім мен бал өнімдерінде демпинг бар екенін айтты.

"Шетелдік компаниялар арзан бағада біздің рынокка біздің елімізде сатып жатыр. Сол бюағытта кішкнене бізде отандық нарықты қорғау тетіктерін біз ұсынып жатырмыз. Сол бағытта біз ұсындық енді ары қарай үкімет тарапынан қолдауларды күтеміз",-деді кәсіпкер Талғат Исхахов.

Оңтүстік – еліміз бен шетелге ет өнімдерін экспорттайтын жетекші өңір. Мал бордақылап, ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Тахирбек Нышанбаев бұған дейін жылына 300 тонна ұсақ мал етін жөнелтіп келген. Қазіргі таңда көрсеткіш 75 пайызға азайып, өзге елге жөнелтетін өнім  85 тоннаға бір-ақ түскен.

"2019 жылы қаулы ауысып, біздегі мынау мал сою пункттерынде автоматтандырылуы керек деген шарт шыққан. Бүгінгі күнде біздер осы Шымкент қаласындағы кісіпкерлер шетелге экспортқа шығарып жатыр. Катар, Араб мемлекеттері мен Абу Даби сондай мемлекеттерге шығарып жатырмыз. Бүгінгі күні біз осы сұрақты көтердік. Амбудсмен келген Қанат Ильяұлы ос кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Шымкент қаласы кәсіпкерлер атынан осындай мәселені сұранып жатырмыз. Осы қаулыға өзгеріс енгізіп қаулыға автматтандырылған деген жерін алып тастауға"-деді кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеғесінің мүшесі Тахирбек Нишанбаев.

 Кәсіпкерлер үшін салық мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Онлайн платформа іске қосылғалы, жергілікті бизнес өкілдері саудасының сағы сынғанын айтады. Тауарды бөлшек саудалау мен онлайн сату кәсіпкерді шығынға батырады. Себебі  салық тым жоғары.

"Қазір бизнестегі ең күрделі мәселе ол салық. Бөлшек сауда мен онлайн сауда да салық мөлшері тым көп. Тапқан табысымыздың 50 пайызын салыққа төлейміз. Қалтамызға артық пұл қалмайды.Бұл кездесуде көтерген бірінші мәселем. Ал, жиында көтерген екінші мәселем ол баға тұрақтылығы. Қазір көріп отырсыздар доллар өсіп жатыр. Баға тұрақты емес. Біз өзіміздің тұтынушыларымызға тауар бағасын көтеріп сата алмаймыз ғой? Себебі халыққа да оңай емес. Барлығының несиесі бар. Осы тақырыптар бойынша бүгін жақсы кездесу өтті. Айтылған мәселеміз үкімет құлағына жетіп, шешіледі деген үміттеміз",-деді кәсіпкер Наргиза Керімбаева.  

Кездесуде Қазақстанның сондай-ақ халықаралық төлем транзакцияларын жүзеге асыру мен агро өнеркәсіп кешені төңірегіндегі сұрақтар мен ақылы жолдардың төлемдері секілді өзге де мәселелер қамтылды.

 ҚАНАТ НҰРОВ - ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН:

-  Кәсіпкерлік саласында мәселе жетерлік. Бүгінгі кездесуде жергілікті кәсіпкерлер мен Түркістан, Жамбыл облыстарынан да бизнес өкілдері келді. Барлығын ұсынысы мен сұрағын тыңдадым. Бұл жерде айтылған мәселелер бизнес өкілдері үшін өте маңызды. Әрине көптеген айтылмаған сұрақтар қалды. Оның барлығын жазбаша түрде маған тапсырады. Мен үкіметте отырған тиісті сала мамандарымен бірге шешемін деп ойлаймын.  

Бизнес омбудсмен Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кері байланыс орнату мақсатында Шымкент қаласына алдағы уақытта тағы да келетінін айтты. Жиында айтылған мәселелердің заңды шешілуі үшін тиісті құзырлы органдарға хат жолдайтынын жеткізді.  

 

Оқылды 45 рет