Жоба аясында «Adal Fruit» ЖШС мен «Отырар-Құрал» ЖШС қарқынды алма бауын дамыту жұмыстарын қолға алған. Кәсіпорындар заманауи тамшылатып суару жүйесін, тіреу және қорғау технологияларын пайдалану арқылы жоғары өнімді бақ өсіруге басымдық беруде. Қарқынды бақтар дәстүрлі баулармен салыстырғанда өнімділігі жоғары болып, су ресурстарын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. «Adal Fruit» ЖШС-нің жобасы 2019 жылы басталған. Жалпы жер көлемі – 50 гектар, оның 30 гектарына 41 мың түп алма және сүйекті жеміс көшеттері отырғызылған. Бақта Red Delicious, Golden Delicious, Gala және Granny Smith сияқты сұранысқа ие алма сорттары, сондай-ақ шабдалы, нектарин, алхоры және өрік көшеттері өсірілуде.
Ал «Отырар-Құрал» ЖШС 2018 жылы қарқынды бау шаруашылығын дамыту жобасын іске қосты. Жалпы инвестиция көлемі – 450 млн теңге. Жоба аясында 25 гектар жерге 41 мың түп алма мен сүйекті жеміс ағаштары отырғызылып, жылына 400–450 тоннаға дейін өнім өндіру жоспарланған. Кәсіпорында 10 тұрақты жұмыс орны ашылған.Мұндай инвестициялық жобалар ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ішкі нарықты сапалы жеміс-жидек өнімдерімен қамтамасыз етуге және өңірдің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге өз үлесін қосуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат