Бүгінде кәсіпорында кір жуу ұнтағы, кір жууға арналған гель, ағартқыш және басқа да тұрмыста қажетті 10-ға жуық өнім түрі шығарылады. Өндіріс орны жылына 30 тоннаға жуық өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорын өнімдері Кентау мен Түркістан қалаларында ғана емес, еліміздің өзге де өңірлерінде сұранысқа ие. Кәсіпкердің айтуынша, өндірісті одан әрі кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту және отандық нарықтағы үлесін арттыру, негізгі мақсаттардың бірі. Мұндай өндірістердің дамуы – жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнім көлемін арттыруға зор мүмкіндік береді.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат