Кәсіпкерлік нысанда жартылай дайын өнімдердің бірнеше түрі, сондай-ақ тәтті бәліштер мен нан өнімдері дайындалады. Өнімдер тұтынушылардың сұранысы мен тапсырысына қарай әзірленеді.Бүгінде дайындалған өнімдер Қарнақ ауылындағы балабақшаларға, сондай-ақ Кентау қаласындағы мектептер мен дүкендерге жеткізіледі. Осылайша, жергілікті кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру арқылы жергілікті нарықты қамтуға өз үлесін қосып келеді. Кәсіпкер қазіргі таңда өнім түрлерін көбейтіп, өндіріс көлемін арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат