Жұма, 14 Маусым 2019 17:08

Түркістан облысы әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы Төлеби ауданында болды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмыс тобы іссапармен Төлеби ауданына табан тіреді. Топтың құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов және аталмыш басқарманың қызметкерлері болды

Жұмыс тобы 3 бағытқа бөлініп, Төлеби ауданындағы алдыңғы қатардағы бірнеше ауыл шаруашылығы саласындағы нысандарды көріп, таныстыОдан кейін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала, ауылдық округ әкімдерімен, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария бөлімінің басшылары және сала мамандарымен жиын өткізді

Жиналыста Төлеби ауданында үшжақты келісім индикаторларының орындалу барысы, іске асырылып жатқан жобалар туралы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов баяндама жасады

Баяндамадан соң облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы сөз алып, мәжілісте көтерілген мәселенің іске асырылу жолдарын түсіндіріп өтті.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1172 рет