Дүйсенбі, 01 Шілде 2019 16:37

Түркістан облысы: Бағаны тұрақтандыру үшін құрылыс компанияларымен меморандумға қол қойылды

Құрылыс материалдарының негізсіз өсуін болдырмау басты назарда. Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің төрағалығымен өткен жиында баға тұрақтылығын ұстау бойынша меморандумға қол қойылды. 

Қазіргі таңда өңірде 40-тан аса құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындар негізінен темір-бетон бұйымдарын, инертті материалдарды, битум, әк және цемент өндіреді. Құрылыс материалдарының 36 позициясы бойынша талдау жүргізілді. Бұл негізінен инертті материалдар, темір-бетон бұйымдары, цемент, арматура, бұрыш, швеллер, арқалықтар және т.б. Талдауға сәйкес, материалдардың 15 позициясын, инертті материалдарды, күйдірілген кірпіштерді, тауарлық бетонды, битум, цемент, электр кабелін, модульдік қазандарды немесе қазандықтарды және жиһазды Түркістан облысының кәсіпорындары 100% қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жөніндегі тапсырмасына орай, қазіргі таңда облыс көлемінде жанды жұмыстар жүргізіліп жатқаны жұртшылыққа аян. Осы аталған тапсырманы орындау үшін Түркістан облысы әкімдігі осы кездесуді ұйымдастырып отыр. Кездесуде бизнес пен бизнестің бір-бірімен келісетінін білдірді және бизнес өкілдері өз ойларын айтуға мүмкіншілік беретін кездесу»-деді М.Мырзалиев.

Кездесу нәтижесіндеоблыстағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын басшылары өздерінің шығарған өнімдеріне бағаны көтермеуге уәде етті. Құрылыс компаниялары өз кезегіндежергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін, құрылысқа жергілікті құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдерін пайдаланатынын жеткізді.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 990 рет