Солардың бірі мынау: Аудан жастарына жеке кәсібін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамту мақсатында ағымдағы жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен 100 жасқа кәсіпкерліктің негіздерін оқытып, осылайша өз кәсіптерін ашуға ықпал жасалынып отыр. Бүгінгі таңда аудан бойынша52 жас азамат кәсіпкерлікті игеруге байланысты оқуларын аяқтаса, 48 жас оқуларын жаслғастыру үстінде. Егер барлығы толығымен оқуын аяқтап, қолдарына оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттарын алған жағдайда, олар өз кезегінде мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан 500 мың теңгелік қайтарымсыз гранттарға қатысып, кәсіп ашуға негіз қалайтын қаржыға қол жеткізе алады.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.