Егін науқанына биыл 12 комбайн қатысты. Бүгінгі күнге дақылдар толығымен жиналған. Егінге орақ түскелі 220 га арпа, 860 гектар бидай орылды. Көктемгі ауа райының жауын-шашынды болуына байланыстыбиылғы түсімі жаман емес. Зертастықтар егілген орташа 20 ц/га өнім жинады. Жиналған астық көлемі 2052 тоннаны құрады.
Күннің ыстығына қарамай механизаторлар техникаларын майлы дақылдарды оруға дайындап жатыр. Бұған қосабиыл округ бойынша 800 гектарға мақсары егілді. Жақын арада майлы дақылдарды ору жұмыстары басталады. Орта есеппен шаруа қожалығы иелері майлы дақылдан кемінде 10 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр.
Қарқынды бау шаруашылығын дамыту бойыншаЖ.Сапаров -5,8 га; О.Абдраимов- 17,9 га тамшылатып суғару әдісімен алма бау еккен.
Жылыжай шаруашылығын дамытуға келсек,Ж.Анафияев 0,5 га жерге жылыжай құрылысын аяқтап, қазіргі таңда қияр өнімін өсіруде. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша 4 бірлік болса, орындалуы нақты 100% құрап отыр. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 2019 жылға 1 бас асыл тұқымды бұқа болса, орындалуы 500% -ды құрап, О.Жанаева 5 бас асыл тұқымды бұқа алды.
"Алтын орақ" бағдарламасы бойынша 2 бас асыл тұқымды қошқар болса, ЖК «С.Мамбеталиев» 30 бас асыл тұқымды қошқар алып, тапсырма артығымен орындалып отыр.
Ветеринарлық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау үшін округте ветеринарлық қызмет көрсету мекемесі жұмыс атқаруда. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жеке кәсіпкер А.Мамырбекова 150 бас мал бордақылау алаңын ашып, 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерлік саласына инвестиция тарту 250 млн. теңге болса, қазіргі таңға 160 млн. инвестиция тартылған.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.