Жұма, 16 Тамыз 2019 08:18

Түркістан облысы: Кентаулық шаруалар жемістерін жинай бастады

Кентау қаласының Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды бау-бақшаны дамытып келеді. 20 гектар жердің 14 сотығына жүзім егілсе, қалған жерлеріне алма, өрік, шабдалы жемістерін өсірген. 

Шаруа қожалығының төрағасы Шүкірллә Ботаевтың айтуынша, 1 гектар жерден 20-25 тонна жүзім жиналады екен. Жемістің көшеттері Сарыағаш өңірінен әкелінген. Сорты «Қара сұлу» деп аталады. «Жүзімге уақытында тыңайтқыштар егіледі. Күз мезгілінде жемістердің барлығы жиналып біткен соң тыңайтқыштар сеуіп тастаймыз. Сосын көктемде қайта көгере бастағанда 20 күн сайын дәрлеп тұрамыз», – дейді шаруақожалығының төрағасы.

Бұған дейін мақта егіп, кейін 2001 жылдан бастап бау-бақша егумен айналысуды қолға алған. Алдағы уақытта шаруашылықтың көлемін арттырып, жемістің түрін көбейтуді көздеп отыр. Биылғы жиналған өнімдерді Түркістан облысының аудан-қалаларына, Алматы, Атырау облыстарына жібермек. Жиналған жүзімдер өз елімізден артылмайды. Шаруақожалығы алдағы уақытта өнімді көбейтіп, шетелге экспорттау жоспарланып отыр.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 987 рет