2018 жылы ауданда 500 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген болса, биыл қосымша "Кентау" ЖШС 81 га, «Арсен Ас» ЖШС 16 га, "Мөлдір" ЖШС 65 га, "Нар Дауа" ЖШС 14 га, "Мөлдір" ШҚ 10 га, "Мақұл" ШҚ 10 га, "Нұрбақыт" ШҚ 6,0 га, "Ақсанат инжиниринг" ЖШС 300 га жерге тамшылатып суғару әдісін енгізіп, мол өнім алуды көздеп отыр. Бұл әдістің ерекшелігі, егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есеге дейін көп береді және суды үнемдеумен қатар арамшөптің шығуына да жол бермейді.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.