Жұма, 22 Шілде 2022 15:54

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

Шымкентте биыл шыны конструкциялар өндіретін «Авангард» зауыты ашылады. Қала әкімі аталмыш кәсіпорынға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Мекеме  толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда.

"ЖҰЛДЫЗ" ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ

Шымкент қаласы әкімінің  өнеркәсіп орындарын аралауы «Жұлдыз» индустриалық аймағында жалғасын тапты.  Шаһар басшысы жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағының құрылыс жұмыстарын көрді.

Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.  200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.

Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерін талқылады. Тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

АЛЮМИН БАНКІ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Келесі кезекте Мұрат Әйтенов  – «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын зауытын көрді.

«KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны - 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, шаһарда 2 индустриалды аймақ ашылмақ.

Оның бірі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы – 23 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба.  

Екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені - 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба.

Оқылды 540 рет