2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы облыстық филиалы арқылы 260 тұлғаны несиелендірілсе (1 122,5 мың теңге), оның 184 бірлігі мал шаруашылығына қатысты кәсіп түрі болып табылады. 6 пайыздық үстемесімен 7 жыл мерзімге берілген өзге де бірліктер жылыжай, жиһаз өндірісі және шаштараз кәсіпшілігіне байланысты істер болып отыр.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асырудың екінші тармағы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 64 тұлғаға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жыл мерзімге несие беріліпті. Оның 63 бірлігі мал шаруашылығына қатысты болса, 1-уі жылыжай өндірісіне тиесілі. Одан бөлек, нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті және кооперативтерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, оның 1,8 млрд. теңгесі қолдау тапқан.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»