Киелі шаһарды көріктендіруге Түлкібас ауданы да ерекше үлес қосуда
Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.
Түркістан қаласы облыс орталығы болған күннен бастап, киелі шаһарды дамыту және абаттандыру, көгалдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.
Жастарды кітап оқуға тарту арқылы кітапханаларға қолдау көрсету - білім сапасын нығайтуға, рухани бай ұрпақ қалыптастыруға зор ықпал етпек. Осы мақсатта мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Жастар саябағына» барып шырша талын екті.
Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша құрылған комиссия су қоймаларын аралады.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс-сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты.
Жылдар жылжып, ғасыр ауысса да күркіреп өткен кешегі соғыс жарасы әлі де жазылар емес. Өйткені, біздің елде де соғыс өрті шарпымаған бір де бір шаңырақ жоқ. Қаншама боздақтарымыз майданнан оралмады. Әйтсе де, олардың ерлігін дәріптеп, есімін ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Міне, осы орайда Бәйдібек аудандық әкімдігі тың бастаманы қолға алып, сұм соғысқа қатысқан сарбаздарын түгендеуге кірісті.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылындағы әрбір көшенінің бойымен жүріп, аралап, ондағы ғимараттардың, алаңдардың, жолдардың бүгінгі жай-күйін мұқият саралап танысқаннан кейін бірінші кезекте үлкен көшелерді абаттандыруды жоспарға енгізген болатын.
Бәйдібек ауданындағы 52 елді мекеннің 15,4 пайызы газбен толық қамтамасыз етілген.
Өткен 2020 жылы коронавирус инфекциясының әсерінен елімізде жарияланған төтенше жағдайдың салдарына қарамастан, барлық бағыттар бойынша ауданды дамыту қорытындысы оң өзгерістерге толы болды.
Бәйдібек аудандық маслихаттың депутаттары халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешуге кірісті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.