Отырар ауданында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» өтті

Отырар ауданында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, тұрмыстық өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» профилактикалық акциясы өткізілді. Онкүндік аясында жауапты сала мамандары тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын түсіндірді. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрмыстық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, бірқатар тұрғын үйге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатылды.

Отырарда ұлағатты ұстаз Күлсара Баянбайқызын еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті

Отырар ауданында спортты дамыту, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және елге еңбегі сіңген тұлғалардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету бағытындағы игі бастамалар жалғасын табуда. Осы мақсатта ұлағатты ұстаз, Батыр ана Күлсара Баянбайқызын еске алуға арналған 2010–2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасындағы волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Екі күнге созылған спорттық додаға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аудан-қалаларынан іріктеліп келген 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Түркістан қаласындағы туризм саласына тартылған инвестициялар: тарихи мұрадан халықаралық туристік орталыққа дейін

Соңғы жылдары Түркістан қаласы Қазақстанның туристік картасындағы маңызы артып келе жатқан орталықтардың біріне айналды. Тарихи-мәдени мұрасы терең, рухани құндылықтары бай көне шаһар бүгінде жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашқан заманауи туристік қала ретінде қалыптасып келеді. Қала келбетіндегі өзгерістер, жаңа қонақ үйлердің салынуы, демалыс орындарының көбеюі, қоғамдық кеңістіктердің жаңаруы және туристік инфрақұрылымның дамуы осы үдерістің айқын көрінісі.

Отырар ауданында «Жеңіске жетелеген жол» атты мотивациялық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» тақырыбы аясында Отырар ауданында жас спортшыларға арналған «Жеңіске жетелеген жол» атты мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында заңға құрметпен қарау, тәртіпті сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және жас спортшыларға үлгі болатын тұлғалардың өмір жолын таныстыру.

Созақ ауданында өткен жылдан бері 135 отбасы баспаналы болды

Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар қарқын алып отыр. Бүгін тағы 17 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жаңа қоныс иелері қатысып, қуанышты сәттің куәсі болды. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жаңа баспаналы болған отбасыларды қоныс тойымен құттықтап, тұрғын үймен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Бүгін Отырар ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Отырарда діни экстремизм мен терроризмнің алды алу бойынша ведомствоаралық түсіндіру жұмыстары өткізілді

Отырар ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кәмелетке толмағандардың теріс діни идеологиялардың ықпалына түсуіне жол бермеу және салааралық профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында маңызды әдістемелік кездесу өтті. №1 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға аудандық мемлекеттік органдардың, білім беру және спорт мекемелерінің басшылары, құқық қорғау саласының өкілдері мен теолог мамандар қатысып, жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатерлердің алдын алу тетіктерін талқылады.

Созақ ауданының әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алды

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдап, азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Тұрғындары тілегі – басты назарда: Отырар ауданының әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Отырар ауданында халықтың өтініш-тілегін тыңдау, тұрғындарды толғандырған мәселелерді зерделеу және олардың заң аясында шешілуіне ықпал ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында жер телімі, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, газ тарту, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және денсаулық мәселелері көтерілді.

Отырар ауданында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Отырар ауданында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау және тұрғындар арасында газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Құнанбайұлы қатысып, жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.