Шымкент: Электронды карталар 10-қазаннан бастап саудаға шығарылады

Шымкентте қоғамдық көліктерге электронды карталар қазан айының 10-нан бастап сатылымға шығарылады. Карталарды қаладағы дүкендер мен өзге де сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл туралы бүгін жолаушылар тасымалына қатысты өткен брифингте мәлім болды.

Шымкент: NEET жастары санатына жататын жастар арасындағы «Дүйсенбілік футболдың» 2-ші кезеңі өз мәресені жетті

Бүгін «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «SPORTVILLA BESIKTAS» ойын-сауық кешенінде «KENES ORTALYGY» жобасы аясында Шымкент қаласының NEET санатына жататын жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» кіші турнирінің 2-ші кезеңі өтті.

Шымкент: 25 медицина қызметкеріне санаторийлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар табысталды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында пандемия кезінде алдыңғы шепте болған, коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеп, өз денсаулықтарын қатерге тіккен 25 медицина қызметкеріне емдік-сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрамындағы санаторийлерге 50 пайыздық жеңілдікпен жолдамалар табысталды.

Шымкент: Кәсіподақ-еңбек адамының сенімді тірегі

«YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Кішкентай данышпан» бөбекжай балабақшасында Қазақстан Республикасы Кәсіподағының 30 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.