Super User

Super User

Түркістан облысында денсаулық фестивалі өтті

Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық  фестивалі – 2018» акциясы  өтті. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысында 10 ақын-жазушының кітабы шығарылып, 25 қаламгердің сайты құрылады

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Оған зиялы қауым, өлкетанушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Ол облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. 

Түркістанда тұңғыш рет халықаралық инвестициялық және туристік форум өтеді

Түркістан облысыныңда ағымдағы жылдың 28қыркүйегінде алғаш рет «Ежелгі Түркістан – жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық инвестициялық және туристік форум өткізу жоспарлануда. Шараға әлемнің Түркия, Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдері қатысатын болады. Бұл туралы жұмада облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков «Оңтүстік» баспасөз клубында өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ардагерлерге арналған ескерткіш ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түлкібас ауданында М.Жәрімбетов ауылында республикалық «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысы, батыр ана және тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Осы RSS каналға жазылу