Super User

Super User

Шымкенттік шенеуніктер Астанаға барып, тәжірибе жинап қайтады

Таяуда өткен Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХVІ сессиясында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шенеуніктерге Астанаға барып, қала құрылысы мен жол құрылысы технологияларын үйреніп, тәжірибе алмасып қайтуды тапсырды. Сондай-ақ, осы сапарында Шымкенттік делегаттар министрлік өкілдерімен кездесіп, үшінші мегаполистің келер жылғы бюджетін талқылаулары қажет.

Шымкентте «Харекет» қайрымдылық қоры үшінші баспананы табыстады

Үй 11 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға берілді. Мұқтаж жандар 20 жылдар бері қалада әркімнің босағасын паналап келген. Күтпеген жерден мол қуанышқа кенелген Асанбаевтар отбасы жомарт жандарға шексіз алғыс айтуда.

Шымкент қаласы әкімдігі аналардың үзілген үмітін жалғамақ

Әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайға тап болған және тұрақты табысы жоқ, балалары қолына қараған аналарға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов лайықты қолдау көрсетуді ұсынды.Яғни олардың белгілі бір кәсіби мамандықтар бойынша білімін жетілдіруіне және өз ісін ашу үшін жеңілдікпен несие алуына жәрдем көрсетілмек. 

«Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы аясында Шымкент әкімдігіне 10 мыңға жуық шағым түскен

Таяуда Шымкентте «Біздің жұмысымызды бағалаңыз» акциясы ұйымдастырылғаны белгілі. Акцияның мақсаты әрбір сала жұмысындағы ең өзекті мәселелерді анықтау болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша, жол картасы, яғни, азаматтардың өтініштері бойынша түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған әкімдік әрекетінің жоспары дайындалмақ.

Осы RSS каналға жазылу