Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 21:11

Шымкент: төтенше жағдай кезінде қылмыс саны азайған

Шымкент қаласында осы жылдың 15-ші наурызы мен 31-ші наурыз аралығында өткен жылмен салыстырғанда қылмыстылық 23%-ға төмендеген. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы жариялады.

Жеке меншікке қарсы қылмыстардың барлық түрлері төменгені байқалады. Атап айтқанда, жалпы ұрлық 43, оның ішінде пәтер ұрлығы 57, ұялы телефон ұрлығы 41, тонау 50, қорқытып алу 80%-ға азайды. Бұзақылықтардың орын алуы 78% төмендеп, сәйкесінше қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған қылмыстар да азайған. Бұл қылмыстардың көпшілігі ізі суытылмай ашылуда. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары мен оның салдарынан жарақат алғандардың саныда 10%-ға төмендеген.

Осы статистикалық көрсеткіштер профильді қызметтердің төтенше жағдай кезінде қылмыстылықпен күресудегі атқарып жатқан оңды жұмыстарының нәтижесі екендігін атап өту қажет. Қаламыздағы қылмыстылық жағдайын хабарлай отыра, қала прокуратурасы барлық тұрғындарды короновируспен күресу барысында уәкілетті және мемлекеттік органдардың талаптарын қатаң сақтап, төтенше жағдай біткенше оқшаулануға шақырады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 578 рет