Түркістан облысы: сарыағаштық шаруалар қырыққабаттың алғашқы өнімін жинап жатыр

Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылында ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімі жинала бастады. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округіне арнайы барып, ашық егіс алқабындағы жиын-терім жұмыстарымен танысты.

Түркістан облысында жүгеріні терең өңдейтін ірі зауыт салынып жатыр

Түркістан облысы индустриялық даму мен агроөнеркәсіп саласын әртараптандыруда жаңа кезеңге қадам басты. Өңірде ірі инвестициялық жобалар жүйелі түрде жүзеге асып, өндірістік әлеует күшейіп келеді. Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» крахмал-сірне зауыты – өңірдің индустриялық және аграрлық әлеуетін ұштастыратын, экономиканың жаңа драйверіне айналатын маңызды жоба.

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжай іске қосылмақ

Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешенін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды халықаралық жоба – «Ecoculture-Eurasia» іске асырылуда. Келес ауданы аумағында салынып жатқан заманауи жылыжай кешені Қазақстандағы ғана емес, Еуропадағы ең ірі жабық агроөндірістік нысандардың біріне айналмақ.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары бірқатар өндірістік нысандарды аралап, олардың іске асырылу барысын зерделеді.

Түркістан облысы шетел инвесторларымен стратегиялық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдың іскерлік және сараптамалық ортасының өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Делегацияны Қытайдың Дүниежүзілік сауда ұйымын зерттеу қоғамы кеңесінің мүшесі, «Huahe International» халықаралық бизнес-консалтингтік компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Лю Чуаньу бастап келді. Кездесуге облыстық басқармалар басшылары, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, энергетика және сауда салаларында жұмыс істейтін ірі қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты.

Түркістан халықаралық әуежайын дамыту бойынша ынтымақтастық орнатылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев «JanaPort Holdings Ltd.» компаниясының директоры Мадина Ахмеджановамен кездесті. Кездесуде Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту және сенімгерлік басқаруға беру, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары әуежейдың әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары екеніне тоқталды.

Түркістан облысы: Жетісайда сымтемір өңдейтін цех іске қосылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жетісай қаласында орналасқан «Жасурбек строй» шағын цехы темір сымнан тоқылған қоршаулар өндірумен айналысады.

Түркістанда «Банктер және финтех–2026» екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады

Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен IT саласының мамандары қатысып жатыр. Форумның ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек қатысып, банк саласының өкілдерін құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдің қаржы саласындағы дамуы, өндірістік парктер мен индустриалды аймақтар туралы айтып берді.