Кентаулық шаруа жылына үш рет өнім алуда
Әділхан Маманов Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Өз үй алдынан үй іргелік жылыжай салып, табиғи өнім алып отыр. Бұл іспен айналысып жатқанына 8 жылдай болған.
Әділхан Маманов Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны. Өз үй алдынан үй іргелік жылыжай салып, табиғи өнім алып отыр. Бұл іспен айналысып жатқанына 8 жылдай болған.
Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі шығын көлемі есептеліп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етушілердің қатары жылдан жылға артып отыр. Екінші Мекке деп есептелінетін тарихи ескерткіштің аумағын абаттандыру, саяхатшыларға қолжетімді қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда.
Алдағы уақытта Түркістан темір жол вокзалында туристер үшін ақпарат алу бекеті жұмыс істейді. Ол орталық қалаға алғаш қадам басқан азаматтарға қысқаша ақпарат берумен айналысады. Шеткен келген азаматтар үшін тиімділігі жоғары бекет бұйыртса мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
Түркістан облысында "Standard Petroleum" ЖШС-інің мұнай өңдеу зауыты бой көтеруде. Жаңа зауыт Түркістан облысы Ордабасы ауданында 2021 жылы іске қосылмақ.
"Ханжук" шаруа қожалығының төрағасы Рүстем Абдурасуловтың аула гүлдерін өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырғанына жетінші жыл.Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі Ақсуабад елді мекенінің тұрғыны 2013 жылдан бері 3,30 гектар жерге гүл өсіреді.
Сайрам ауданы Қарасу ауылында тәулігіне 800 кг ет өнімдерін өндіретін цех бар. «ЖК Алма» ауылшаруашылық өндірістік копертивінде 25-ке жуық адам жұмыс істейді.Өндіріс орнына барған аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс тіледі.
Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстарына арналған суармалы жерді игеру қарқынды жүруде. Оның ішінде: күздік бидай, арпа, күріш, жүгері, маш, күнбағыс секілді дәндік дақылдар көбейіп, ауданның негізгі өнімі саналатын мақтаның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 га қысқарды. Оның орнына, дәндік және мал азығы саналатын егістіктер көлемі ұлғайды.