Түлкібаста омарташылық кәсіпке қызығушылардың қатары арта түскен

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында омарташылық кәсіпке қызығушылар саны артып, бүгінде аудан бойынша 21 бал ара шарушылығында 1436 бал ара ұясы тіркелген. Осы саланы жете меңгерген Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба ауылының тұрғыны Нұрақбай Тәжіқұлов жылына 800 келіге дейін табиғи таза бал алатынын айтады.

Түркістан: ордабасылық кәсіпкер ешкі сүтінен балмұздақ өндірмекші

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Ордабасы ешкі сүті өнімдері» өндірістік кооперативі күніне 600 литр сүт өндіруде. 2017 жылдың ақпан айында құрылған аталмыш өндірістік кооперативі Нидерланды елінен 330 бас «Зааненский» асыл тұқымды ешкі түрін алдырған.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы диқандары қауын-қарбыздарын шетелге экспорттап жатыр

Әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыздар Мақтаарал ауданында өседі. Бұл – ресейлік және еуропалық кәсіпкерлердің сөзі. Бұған дәлел, маусым кезінде күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД мен Балтық жағалауы елдеріне, Түркия, Германия, Грекия мемлекеттеріне жол тартады. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында кәсіпкерлерге көрсетілетін жеңілдіктер түсіндірілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыруымыз керектігі жөнінде айтқан-ды. «Қарапайым заттар экономикасын» қалыптастыру дегеніміз – бірінші кезекте сырттан келетін заттар санын азайтып, керісінше халық күнделікті тұтынатын азық-түлік, киім-кешек секілді тұрмыстық заттарды өз елімізде өндіру. Яғни сол арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, тұрмысын жақсартуға жол ашу. Осыған орай бүгінде ауданда тиісті шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. 

Түркістан облысы: Созақ ауданының қарбыздары Ресейге экспортталады

Созақ ауданының бағбандары 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап жатыр. Ендігі жерде теріскейдің бақша өнімдері Ресейге экспортталады. Яғни биылдан бастап шаруалар қауын-қарбызын шетелге саудаламақ. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында модульді мал сою бекеті іске қосылды

2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі қалаға қарасты Жүйнек ауылында құрылған модульді мал сою алаңы. Құны 11 млн. теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалығының атауы «НұрФархат». 

Шардаралық шаруа әр гектардан кемінде 60 центнер мақта алуды жоспарлап отыр

Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Балтабай» шаруа қожалығы биыл да мақтадан мол өнім алуды жоспарлап отыр екен. Шардара ауданы Көксу ауылдық округінде орналасқан «Балтабай» шаруа қожалығы бүгінде шитті мақта дақылын егіп, табысын арттырып отырған қожалықтардың бірі.