Түркістан: Жетісайлықтар мақта егуді бастап кетті

Жетісай ауданы үшін көктем нағыз қарбалас шақ. Күн ысып жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастайды. Күн райы жылынғаны сол еді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің дихандары ауданда алғаш болып мақта егуді бастады.

Өмірзақ Шөкеев: Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы тоқтамайды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты.

Шардаралық шаруалар жылына 2-3 рет өнім алу технологиясын меңгеруде

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Ағатай Тәженов және аудандық ауыршаруашылық бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов: Достық, Ақалтын, Сүткент, Қызылқұм және Алатау батыр ауылдық округтерінде болды. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына байланысты жергілікті шаруалармен кездесті.

Шымкент: банктердің қызметі электронды төлем жүйесі арқылы жүргізіледі

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Брифингте «Халық банкі» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова, «Банк Хоум Кредиттің» Шымкент қалалық филиалының директоры Ахатай Тілеукеев төтенше жағдай кезіндегі банк қызметтері мен банкоматтардың жұмысы туралы баяндады.