Шымкент: Төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет тарифтері төмендейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналды қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналды қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері мәлімдеді.


