Шымкент: чехиялық бизнес делегация дендрологиялық саябаққа барды
Көркейіп келе жатқан Шымқаламызды Чех республикасынан келген делегация аралап шықты. Қонақтар жергілікті əріптестерімен Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябаққа ат басын бұрды. Басты мақсат Қазақстан – Чехия елдері арасындағы іскерлік байланысты нығайту.