Түркістан облысы: Кентау қаласының Жүйнек ауылында кәсіпкерлік өрістеп тұр

Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылы тұрғындарының бүгінде тұрмысы түзеліп, тірлігі өрге басқан. Өйткені мұндағы жұрт мемлекеттік қолдаудың арқасында жаппай шаруашылыққа бет бұрғын. Соның арқасында екі қолға бір күрек тапқан ауыл азаматтары түрлі кәсіпті игеріп, игілігін көруде. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында ауыл шаруашылығының дамуы қарқынды

Төлеби ауданында барлық ауылдарға үлгі болатын ауыл бар. Ол – Зертас. Аудан әкімдігінің түзген үшжақты 2019 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы келісімінің жобасындағы индикаторлардың орындалу бағытындағы Зертас ауылдық округі бойынша 7 айда бірқатар шаруа атқарылғанын ауыз толтыра айтуға болады. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтерде егінге орақ түскен. Ал Зертас ауылдық округінде масақты дақылдардың егіс көлемі биыл 1080 гектарды құрайды. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім 13 млрд. теңгеге жуықтады

Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ауыл шарушылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асып жатыр

Түлкібас ауданында қай саланы алсақ та, ілкімді істер қолға алынып, жүйелі түрде іске асып жатқанын байқауға болады. Солардың бір бағыты – ауыл шаруашылығы саласында. 

Түркістан: Төлеби ауданында жүзім шаруашылығы дамып келеді

Төлеби ауданына қарасты Тасарық елдімекенінің орталық клубында аудан басшысы мен округ тұрғындарының қатысуымен жиын өтті. Аудан әкімі Тасарық ауылдық округіне қарасты бірнеше мекемелердің жұмысымен танысты. Бірінші кезекте жеке кәсіпкер С.Танабаевтың 18,6 га жүзім бауы мен 15 га сарымсақ бауының жұмысынан бастады. Кәсіпкер 30 690 дана тайфи жүзімін егіп, тұрақты 10 адамды, маусымдық жұмыста 100 адамды қамтамасыз етіп отыр.