Сарыағаш ауданында 9 мыңнан астам азамат өз бетінше кәсіп ашқан

Көпбалалы және табысы аз отбасыларға үкімет тарапынан қаржылай атаулы әлеуметтік көмектің берілуі Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 9 мыңнан астам азаматтың өз бетінше кәсіп етіп, табыс табуына мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, биыл тағы 7 мыңнан астам отбасын жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік жоспар түзіліп отыр.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында суармалы жерлердің көлемі ұлғайып келеді

Ауданда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан және демеушілір есебінен суармалы жерлерді ұлғайту мақсатындағы жұмыстар қарқынды іске асуда. Осы орайда Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округіндегі «Жаңа» каналы іске қосылып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. 

Түркістан облысы: Келес ауданында тұт шаруашылығы қолға алынды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы жол бойларын көгалдандыру мақсатында Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінде келестік ғалым Бердияр Қалымбетов 1 гектар жерге тұт ағашының көшетін жетілдіретін бақша жасап, тұқымын егуді қолға алды. Халықаралық ғылыми ортақтастық негізінде Өзбекстан Республикасы Ферғана облысынан Жібек шарушылығына тұт ағашын жеткізіп беретін орталықтың жетекшілері арнайы келіп, аталған шарушылықтың қыр-сырымен бөлісіп жатыр. Кездесуге Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев қатысып, көрші мемлекеттен келген мамандардың тәжірибелерімен танысып, аудан әкімдігі атынан алғысын білдірді. 

Түркістан облысы: арыстық кәсіпкерлерге арналған «Қамқор» бағдарламасы іске қосылды

Арыс қаласында облыс әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлерге арналған «Қамқор» бағдарламасы іске қосылды. 5 млн. теңгеге дейін берілетін 1%-дық жеңілдетілген кепілсіз несиенің уақыты - 4 жылды құрайды.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды

Елорда күні қарсаңында Мақтаарал ауданының Атакент кентінде отбасылық әлеуметтік сауда кешені ашылды. Ендігі уақытта аудандағы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін отандық және Түркия елінің сапасы жоғары киім-кешектері мен басқа да өнімдерін 10-15% арзан бағамен сатып ала алады. 

Түркістан облысы: Кентауда құрылыс қарқын алып келеді

Бүгінде Кентау қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларындағы ішкі жолдарына құрылыс жұмыстары басталып кетті. Мамандардың айтуынша, кезең-кезеңімен жүріп жатқан құрылыс әр жыл сайын жүзеге асырылып, барлық ауланың ішкі жолдарын реттеу жоспарланған. 

Түркістан облысы әкімдігі мен «ABAD» қоғамдық ұйымы арасында келісім жасалды

Бүгін Әзірбайжан Республикасының Президенті жанынан құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, «ABAD» заңды тұлғасы мен Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Келісімге «ABAD» ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданындағы «Кентау» ЖШС биыл 1000 тоннадан аса алма жинамақ

Бүгінгі таңда «Кентау» ЖШС-не тиесілі барлық бау көлемі 210 гектар болса, оның ішінде қарқынды бау көлемі 160,0 гектарды құрайды. Аталмыш серіктестік «фуджи», «голден делишес», «айдалет», «редделишес», «семерянка» сынды алма сұрыптарынан өнім алады. Экологиялық тұрғыда таза Түлкібас алмасын соңғы замануи талаптарға сай соғылған, сыйымдылығы 2000 тоннаға дейін қауқарлы арнайы қоймада сақтап, қыс мезгілінде еліміздің әр өңірінің сауда орталықтарына өткізеді.