Түркістан облысы: түлкібастықтар 5 мың тонна «апорт» жинады
Түлкібастық шаруалар «апорт» алмасын өсіріп, биылғы алма жинау маусымында әзірге5 мың тонна жеміс жинады. Жеміс түрін күтіп, баптауды ауданда 32 шаруашылық қолға алған. Жыл соңына дейін 6 мың тонна «апорт» теруге құлшынып отырған түлкібастық бағбандар межені былтырғыдан 2 мың тоннаға артық алуды болжап отыр. Дәмі тіл үйірер алмалар бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды қалалары мен өзге де облыс, қалаларға жөнелтілуде. «Апорттың» алма бауларынан босатылу бағасы келісіне 250 теңгенің көлемінде. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.