«Shymkent Temir» ЖШС жұмысшыларының еңбекақысын 30 % көбейтпек

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгелі қала өмірінде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Соның бірі ретінде қаладағы кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақыларының арта бастауын айтуға болады. Мәселен,  "Shymkent Temir" ЖШС  Шымкент мегаполис атанған соң жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын атанып отыр. Таяудақала басшысы Ғабидолла Əбдірахымов кəсіпорынды аралап қайтқан болатын. Мекеме жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларының еңбекақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты.

Шымкенттің әкімі «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысты

Таяуда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан «ҚазТехникас» ЖШС-нің жұмысымен танысып қайтты. Мұндағы өндіріс орнында жарықтандыруға арналған диодты көше және кеңсе шамдары дайындалады екен.

Ғабидолла Әбдірахымов көрмеге қатысты

Осы аптаның жұма, сенбісінде Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Келушілердің қатарынан Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та табылды. Ол көрменің ашылу салтанатына қатысты. 

Шымкенттегі мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы орталық мемлекеттік органдардың деңгейіне дейін көтеріледі

Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақылары Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының деңгейіне дейін көтеріледі. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Түркістан облысын қалыптастыруға байланысты бюджетке өзгерістер енгізудің және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берудің шарттары туралы әңгімеледі.

Төлеби ауданында жүзім мен алма бауының көлемі артып келеді

Өткен аптаның соңғы күндері Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барып қайтты. Барғандағы мақсаты – мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысу болатын.  Халқы өнеркәсіпке де, ауыл шаруашылығына да бейім келетін Төлеби ауданында атқарылған шаруалар аз емес екен.

Оңтүстік Кореялық компания Шымкентте «ақылды үйлер» салатын болды

Шымкент қаласында алдағы 10 жылда «ақылды үй» технологиясын қолдану арқылы жайлы тұрғын үйлер салынады. Салынатын «ақылды» пәтерлердің саны – 5500. Тиісті меморандум «Шымкент» ӘКК, қала әкімдігі және Оңтүстік Корея құрылыс компаниясы арасында жасалды.

Бюджет қаражатына салынған кәсіпорындардың 1/4 ғана жұмыс істейді

Бюджет қаражатына салынған бірсыпыра кәсіпорынның төрттен бірі ғана жұмыс істейді. Көбісі нарықтағы тербелістерге төтеп бер алмай, тоқтап қалған. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді.

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында елде жүздеген кәсіпорынның "тұсауы кесілгені" естеБүгінде 72 зауыттың 19-ы ғана жұмыс істейді. Оның өзінде толық қуатқа көшпеген. Кейбіреуі тіпті жабылады.

 Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму министрі:

- 6-7 кәсіпорынның қайта жұмыс істеуі екіталай. Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін осы кәсіпорындардың 50 пайызын "тірілту" керек. Әкімдіктермен, кәсіпорын қожайындарымен бірлесіп үш жақты меморандумға қол қойдық. Жыл соңына дейін 50 пайызы іске қосылады деп ойлаймын.

Сондайақ, Ж.Қасымбек "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" алғашқы жарна көлемін 50 пайыздан 30 пайызға түсіргенін айтты. Одан төмен түсіру мүмкін емес, деді. Ал жаңа көлікті несиелендіруге 10 млрдтеңге бөлінуі мүмкін. Ұсыныс Үкіметте қаралмақ. Көлік несиесінің пайыздық үстемеақысын субсидиялауға екі жыл ішінде 26 млрдтеңге бөлінген. Нәтижесінде 9 мың адам отандық көлікті тізгіндеген

 

«Астана» телеарнасы.