Сауран ауданында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Аймақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы өте сәтті жүзеге асып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы аталған өндірістік паркті аралап, жүзеге асырылған және енді іске қосылатын жобалармен танысты. Жауаптыларға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.