Отырар ауданында жүгері және мақта шаруашылығы дамып келеді

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы жүгері және мақта шаруашылығын дамыту жұмыстарымен танысты. Алдымен Қарғалы ауыл округіне қарасты «Отырар-Дән» жүгері кептіру және сақтау кәсіпорнында болып, шаруашылық төрағасымен кездесті.

Шымкенттегі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында 5 инвест жоба жүзеге асырылуда

Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды. Ондағы негізгі мақсат - “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында биыл іске қосылған инвестициялық жобаларды кеңірек таныстыру.

Польшалық инвесторлар құны 200 млн АҚШ долларын құрайтын жылыжай салуға ниетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Fabe Polska» поляк компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында Шымкентте аумағы 150 гектарды құрайтын жоғары технологиялы жылыжай салу туралы меморандумға қол қойылды. Ауқымды жобаның жалпы құны 120 миллион АҚШ доллары. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өндіріп, 800-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 

Өндірілген өнім жергілікті нарыққа және шетелге экспортталады. Қала әкімі инвесторларға мұндай жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты. «Инвестициялық климатты қолайлы ету – қаланың дамуының маңызды бағыттарының бірі. Біз мұндай жобаларға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Себебі, бұл қаланың ғана емес, тұтас елдің дамуына оң ықпал етеді», - деді Ғ.Әбдімәжитұлы.

Аталған жобаның іске қосылуы тек қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып қана қоймай, жылыжай бизнесінің дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін беретінін атап өткен жөн. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының мегаполисте инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ауқымды инвестициялық жоба іске қосылды. Сауда-логистикалық орталықтың аумағында сусындар шығаратын "Coca-Cola Kazakhstan" зауыты ашылды. "Шымкент сити" шағын ауданында әйгілі "Hilton" халықаралық қонақ үй желісінің қонақ үйінің құрылысы орнында капсула салынған. Шымкентте жалпы ауданы 650 гектар болатын Орталық Азиядағы ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Құны 650 млн долларды құрайтын жобаны түрік инвесторы – Alarko Holding компаниясы жүзеге асыруда. 

Шымкент пен Ұлыбритани арасындағы жаңа инвестициялық әріптестікке жол ашылды

"Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек".  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында осылай деген еді.