Түркістанда «туризм, инвестиция, экономика» халықаралық форумы басталды
Түркістан облысында алғаш рет бизнес және туризм өкілдерінің, халықаралық деңгейдегі сарапшылардың басын біріктірген TIF’23 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Қытай, Ресей елінің беделді саясаткерлері, ықпалды кәсіпкерлер, сала көшбасшылары мен сарапшылары, инноваторлары қатысуда.