Сейсенбі, 10 Қазан 2017 13:54

«Үлкен үйдегі» идеология саласының тізгінін ұстаудан дәмелі «заместитель» кім?

Республикамыздың бас газетіне өзі жайлы мақала жариялатып, саяси портретін жасатуға кіріскен бір «заместитель» «үлкен үйдегі» идеология саласының тізгінін ұстаудан дәмелі көрінеді. 

Сірә, мың жерден «ініңіз болайыншы, ініңіз болайыншы» десе де, бастығының көңілінен шықпаған сияқты. Ұзынқұлақтың сөзіне сенсек, қанша уақыт өтіп, жылдар сырғығанымен, бастығының көкейінен кетпей қалған, бұны кешіре алмайтын бірдеңелер бар екен.  

«Заместитель» болғанға дейін бірталай қызметтің құлағын ұстаған ол күндердің күнінде қазіргі кісінің өзіне бастық боларын қайдан білсін?! Білсе, мүлт кетпес еді, біреулердің айыбын ашпас еді...

«Тау мен тау жолықпайды, адам мен адам жолығады» деген сол да!

Оқылды 3719 рет