Челлендждің мақсаты отбасы мүшелері арасында сүйіспеншілік қарым-қатынасын орнату, отбасына деген құрметті арттыру, мәдени құндылықтарды, парасаттылық пен үлкенді құрметтеуге, еңбекқорлыққа, отбасы құндылықтарын сақтауға, өзін-өзі жетілдіруге, адамзаттық қасиеттерге тәрбиелеу.
Халық даналығының қайнар көзі сарқылмас бұлағы - отбасы құндылығын арттыру екені айтпаса да түсінікті .Адалдық пен махаббатқа толы бұл жарқын отбасылық мереке - әрбір Қазақстандық отбасына денсаулық, амандық, молшылық пен бейбітшілік тілей отырып, отбасымыздың қамалы берік болса - Отанымыздың іргесі берік болмақ!
Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы-адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы-ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін,салт-дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды,даналық сөздерді, тыйым сөздерді,тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі заманғы отбасының ұрпақ тәрбиесімен шыңдап айналысуы ата-ананың білім және мәдени деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Отбасы тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса,баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру,оның тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру. Әр көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады. Ұлттық құндылықтар және отбасылық құндылықтар барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру,рухани әлемін байыту адамдар арасындағы жағымды қарым- қатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Егер адам отбасының үлкен құндылық екенін түсініп,ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен,азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса,адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең,бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болад
Отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын,елжанды азамат бола алады.Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда.Сол мәселердің бірі ретінде ұлттық тіл тағдыры,ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымызды дұрыс сақталмауы алаңдатады. Отбасы-қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім қазына,тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру-міндеттіміз.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында ұлттық салт- дәстүр, рухани адамгершілік құндылықтарын дамыта тәрбиелеуді ұстанамыз. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады,өмір бойы жалғасады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау,ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу-деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында
Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Ұрпақ ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп,оны түсінуге тырысады. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы.
Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз .
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысының серіктесі. Себебі,ұрпақ тәрбиесінің отбасында,білім ордасында,қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы-адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Жас ұрпақтың әлеуметтеніп,тәлім-тәрбие алып,өсіп-өнетін негізгі институты.тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез –құлқының, сана-сезімінің,ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Данышпан Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады:біріншісі-ата-анадан,екіншісі-ұстаздан,үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс.
Ұрпақ-әр жанұяның бақыты. Олай болса,өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам-үшеуі, тәрбиеге болар басты өлшем. Бір тұтасып,біріктірсе күштерін тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді.Адамның кім болмағы ата-ана,ұстаз қоғамға ғана тәуелді емес,ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес.Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі.Олар:ой саулығы,жан саулығы,тән саулығы. Жақсы қасиеттер кез-келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Ұрпақ дүниеге келісімімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастырып тәрбиелеу ата-ананың міндеті.
Отбасы адам баласының өсіп-өнер ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы,ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады,отбасы қазығы нық қағылса,шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ дегім келеді.Қай қоғамда өмір сүрмейік,ұрпақ-ол біздің болашағымыз,жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек,ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.
Мемлекет басшысына қарап халқы бой түзейтіні сияқты, ата-анасына қарап баласы өседі. Отбасының балаға берері де, үйретері де көп.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, бала кішкене кезінен бастап өз ата-анасына қарап еліктегіш, олар не істесе соны істеп, солардан үйренгісі келіп, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата ананың басты міндеттерінің бірі – баланы, әсіресе, сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Балаға «ананы істе», «мынаны істе», «олай жасама» дегеннен гөрі, өзін үлгілі жағынан көрсете біліп, баланы еңбекке баулу арқылы жемісті тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Баубақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы ана сүтімен дарып, өскен ортасынан қалыптасады. «Тәрбие басы – тал бесік», «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ мақалы тегін айтылмаған. Ұл әкесіне, қыз шешесіне қарап бой түзейді. Өйткені бала ересектерге қарап еліктейді, жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.
Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды. Бала өскен сайын әурешілігі де көбейе түседі. Яғни баланы әлі бала деп қарамай, ертерек тәрбие беруді қолға алған жөн. Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла» деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды. Қазақтың ұрпақ өсіру пәлсапасы, міне, осындай қарапайымдылыққа құрылған.
«Тәрбие – отбасынан басталады» демекші, баланың отбасынан көрген-білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңертеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де өзінің бойына талғамсыз сіңіре береді. Нәтижесінде бала психикалық ауытқушылыққа ұрынуы да мүмкін. Балалар ата-аналарынан гөрі, өз заманына ұқсайды деген сөз бар. Ата-аналар балаларының қай заманда өсіп жатқанын ескермейді, бала тәрбиесі назардан тыс қалып жатады. Бүгінгі күнде күнкөріс қамы бірінші кезекке шықты, балаға әр күні ең болмағанда 2-3 сағат көңіл бөлу жөн.
Ұрпағымыздың бойында ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін азаматты қалыптастырамыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен түйіндесек: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» деген екен өркениет шырақшысы.
Абай Құнанбаев «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» десе, Ғабиден Мұстафин «не нәрсе ұятты болса, сол асыл» деген екен. Бұл өзге ұлттан кездестіре қоймайтын асыл сөз. Қазақ баласын жасынан кешегі күнге дейін сол «ұят боладымен» тәрбиелеп келді. Сондықтан ибалы, инабатты, арлы, ұятты болып ержетті. Бүгін сол халықтың «ұят боладысы» кеміп, «онда тұрған ештеңе жоғы» көбейді. Оның соңы небір көргенсіздікке әкеліп, қазақ ұлтының қабырғасын қайыстыруда.
Педагогика ғылымының докторы Жанат Төленқызының айтуынша, мұндай жағдайда ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогика мен ұлттық психология ғана көмектеседі. «Ата-бабамыздың салт-дәстүрін қыз бала тәрбиесіне пайдалана білсек, тәрбие көрген қазақ қыздары ерлерін пір тұтып, оның ата-анасы мен бауырларын құрметтеп, үлкеннің алдын кесіп өтпей сыйлап, қадірлейтін болады. Бұндай әйелдерді ер азаматтар да қатты құрмет тұтады.
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген. Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең құдіреттісінің бірі – мінез-құлық. Ата-ана баласын биязылыққа, ұяңдыққа, нәзіктікке баса тәрбиелеген. Қазақ қызындағы ұяңдылықтың өзі әсемдіктің бір кереметі. Соның ең әуелгісі, біздіңше, ар-ұят туралы ұғым. Ес білгеннен бастап ар-ұятын қызғыштай қорғай білген қыз бала ұлтымыздың қазынасы десек жарасады. Ата-анасы мен үлкендер тарапынан осындай «ұят болады» деген сөзді көп естіп, бойына сіңірген қыз баланың келешегі де жарқын екеніне сенім мол» дейді ол.
Ал қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары. Қыз әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. Қыз абыройы – болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, тәрбиелейді. Оған алдымен қыз анасы жауапты. Анасын ардақтай білмеген қыз өз абыройын да ардақтай білмейді. Өз намысын қорғаған қыз есер жігітке кіріптар болмайды, есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-құлқы ибалы, инабатты болуы керек. «Қыз қылығымен» деген мақал соны меңзейді.
Халық өсіп келе жатқан қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, оларды орындап отыруды да қыздың абыройы деп санаған. Бұларға ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабақ шытпау, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, т.б. секілді дағды, икемділіктер мен мінез-құлықтық қасиеттерді жатқызған.
Қыздың бойындағы ізеттілік, көрегенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айғайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс-аяқты сылдырлатпау, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді, тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілді. Бұл өмір тәжірибесінен алынған аталы сөз, желкілдеп өскен қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып өссін, жаман аттан аулақ болсын деген ойдан туған. Ақиық ақын М.Мақатаев:
«Қымбат-ау, қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
Не болар екен тағдыры?
Үйіріліп соқса бір құйын» деп қыз тағдырына бейжай қарай алмағандығын көрсетсе, халық батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын-қаламасын, бұл – өмір заңы» деп тереңнен сыр шертеді.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге,тілімізге,дінімізге деген құрмет жатыр.Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса,оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.«Тәрбиесіз берген білім қауіпті»,–деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр.Біздің қоғам алдындағы мақсатымыз–ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын,ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді,ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Тəрбиенің басты міндеттердің бірі–жас ұрпақты азаматтық пен отаншылдыққа баулу.«Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан»,«туған жер» дегеніміз-тарихи қалыптасқан əлеуметтік,саяси жəне мəдени орта.Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тəжірибесін,бай рухани қазынасын жас ұрпақты тəрбиелеуді пайдаланған бала тəрбиесіне ерекше мəн бере,үміт арта, сергек қараған.Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып,келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қорғаушысы», «Шаңырақ иесі»,—деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз əдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтың тəрбие-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары, отбасындағы ұлттық тəрбие,халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары,бейнелеу өнері,қол өнері туындыларында тəрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.
Тәрбиелі білім–қазына, тәрбиесіз білім–қасірет екендігі баршамызға мәлім. Сондықтан кез келген сатыда тәрбиелі білім беру – баршаның міндетті. Ұрпақ тәрбиесі бір күндік немесе бір уақытта аяқталатын әрекет емес, тәрбие отбасынан басталады және өмір бойы жалғасады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ – ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.
«WWW.AQ-QARA.KZ»