Ұлттық бірыңғай тестілеудін бірінші күні республика бойынша ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген түлектерге аудан басшысы мектеп қабырғасында алған сапалы білімдері баянды да жарқын болашаққа жетелеп, қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өрлеу жолында өз үлестерін қосатын, таңдаған мамандықтарының таптырмас маманы болуды тілеп, алғыс хатпен, ауданның 90 жылдығына орай шыққан кітап және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақҚазақстан Республикасының лайықты азаматын тәрбиелеуге, оқуда үздік болуына және шығармашылық қабілетін ашуға жағдай жасап, сапалы білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізген түлектердің ата-аналары мен мұғалімдеріне де аудан басшысы өз атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Аудан әкімінің қабылдауына келген түлектер мен ата-аналар, аудан басшысына жүрекжарды алғыстарын айтып, бұл жетістіктің бәрі аудандағы балалардың жоғары білім алуға жасалынған жұмыстардың нәтижесі екенін жеткізді.
Еске салайық, ауданда биылғы оқу жылында 1125 оқушы мектеп бітірсе, соның ішінде 907-сі тест тапсырды. Нәтижесінде жалпы орта балл көрсеткіші 86,9 пайызды құрап, 285 түлек 100-ден жоғары балл жинаған.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.