Сейсенбі, 02 Шілде 2019 13:45

Түркістан облысы: Кентау қаласының ҰБТ-дан жалпы орташа балы 77,6 пайызды құрады

Қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Әуелбеков қалалық аппараттық жиналыста жасаған баяндамасында осылай деп мәлім етті. Кентау қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында 1731 оқушы мектеп бітірді. 

Жиындағы күн тәртібіндегі екінші мәселе "Ащысай Су" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы жайында мекеме басшысы Жанболат Сембиев баяндады. Мәліметте "Кентау қаласы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылғы әзірленген «Кентау қаласында ауыз су құбырының жүйесін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы 2010 жылы қайта өңделіп, «ОҚО Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру» жұмыстары бойынша жобаға сәйкес үш кезеңмен іске асырылды. I кезең 2008-2010 жылдары, II кезең 2012-2014 жылдары атқарылған жұмыстар мемлекеттік коммиссиямен су жіберілмей қабылданған. III кезең 2017-2018 жылдары атқарылып, 2018 жылы 30 желтоқсанда қабылданды" деді.

Күн тәртібіндегі мәселелер ортаға салынып, атқарылған жұмыстары жайында баяндаған мекеме, бөлім басшыларына қала әкімі Дәурен Махажанов бірқатар тапсырмалар беріп, жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігін атап, жиынды қорытты.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1087 рет