Бейсенбі, 31 Қазан 2019 00:42

Шымкентте «Дінтану» пәнінің мұғалімдері бас қосты

Кереғар діни ағымдардың алдын алу үшін мектептердегі «Дінтану» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру қажет. Білім ұясында ислами ілімді терең ұғынған бала жат пиғылдағы ұйымның жетегіне еріп кетпейді. «Зайырлық таным және кереғар діни ағымдар» тақырыбында Шымкентте бас қосқан пән мұғалімдері осы мәселенің өзектілігіне тоқталды. 

«Діни сауатсыздық еліміздегі талай шаңырақты шайқалтты. Сондықтан қоғамдық мәселені мектепте шешетін кезең жететті» -дейді теолог ғалым Досай Кенжетай.

«Дінтану деген мамандыққа мектептің барлық қажеттілігін қамтамасыз ететін мамандар даярлау керек. Себебі дін деген тек ғана мешітте емес, отбасында, қоғамда ұғындыратын ілім. Соның ішінде ең белсенді қабат – ол жасөспірімдер қабаты. Алдымен зайырлықтың не екендігін, діни танымның не екендігін, діни құндылықтарды қалай ажырату керек, ол алдымен мектеп жасындағы балалардан бастау алу керектұғын. «Енді осыны мектепте кім сабақ ретінде өтеді? Бұл үлкен проблема әлі күнге дейін. Себебі діннің қабаттары көп» - дейді Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Яссауитану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетай. 

Бүгінгі таңда «Дінтану» пәнін 8-сыныптан оқыту мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылып жатыр.  Себебі баланың ес тоқтатқан кезенде діни сауаты артып, исламға дегенкөзқарасы мықты болғаны абзал. Осы бағытта, әсіресе, пән мұғалімдерінің біліктілігі басты орында. «Жалпы, «Дінтану» пәні мұғалімдерінің мойнында үлкен жауапкершілік бар. Дін туралы дұрыс ақпар беру, жастарды кереғар діни ағымдардан сақтау ол – мұғалімнің тікелей жауапкершілігі» - дейді №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның мұғалі Ағжан Жүнісова.

Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы мұрындық болған жиын сұрақ-жауаппен жалғасты. Мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарға теология және философия ғылымдарының докторынан тұщымды жауап алды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 990 рет