Сенбі, 09 Қараша 2019 00:43

Шымкентте "KIMEP UNIVERSITY" өкілдерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай «KIMEPUNIVERSITY» АҚ президенті Бэнг Чай Йан мырзамен кездесті. Жүздесу барысында университет президенті Чан Йан Бэнг мырза Шымкент қаласының білімді һәм талантты оқушыларына университет атынан 20 грант ұсынды. 

Сонымен қатар түрлі саладағы басшылық лауазымдағы қызметкерлерге біліктілікті арттыру мақсатында грант бөлу мәселелері де талқыланды. Басқосуда университет президенті бакалавр дәрежісінде білімін аяқтаған мамандарды магистратура мен докторантура дәрежесі бойынша аталмыш университетте оқуға шақырды.

Атап өтер жайт, жыл сайын Шымкент қаласы бойынша 8 мыңға жуық түлек мектепті бітіреді. Оның 70 пайызы грант және ақылы негізде түрлі жоғары оқу орындарына түседі.

Бұл оқу ордасы еліміздегі белді университеттердің бірі болып табылады. Айта кетейік, Шымкент қаласынан жылына 50-ге жуық оқушы аталған университеттің студенті атанады екен.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 932 рет