Жексенбі, 03 Маусым 2018 18:57

Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі көрме ұйымдастырды

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай баланың шат күлкісі Шымкенттің Орталық саябағын да кернеді. Бейбітшілік белгісі үшін «Тәубе!» дегендер жас өрендердің тамаша әні, мың бұралған биіне куә болды. Мерекеге орай балғындар қиял-ғажайып ойларын асфальт бетіне бейнелеп, сурет арқылы жеткізді. 

Орталық саябақтағы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды бағыттар бойынша өрбіді. Балғындардың шығармашылық туындыларына көрме ұйымдастырылды. Игі бастаманы Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі қолға алған.

«Бізге балалардың көңілінен шығу, осы күні төбесін көкке екі елі жеткізбей қуанту өзімізге де үлкен керемет көңіл-күй сылайды. Мектебіміздің балалары «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп, көлемді іс-шараны өткізді» дейді Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразова.

Орталық саябақтағы басталған мерекелік шара Облыстық балалар қуыршақ театрының қойылымына ұласты. Мұнда келген балалардың саны 90-ға жуық. Олар шығармашылық ұжымның биылдыққа ұйымдастырған 68-ші қайырымдылық шарасына куә болды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1930 рет