Сейсенбі, 02 Тамыз 2022 00:46

ШЫМКЕНТ: ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕР АРТЫП КЕЛЕДІ

«Мектеп – балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алатын ордасы болу керек, бұл талап барлық мектепте орындалуы шарт» — деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынып жатқан мектептердің құрылыс барысын тексерді.Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен.Нұрсат шағын ауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі – өткен жылы құрылысы басталған мектеп биыл пайдалануға беріледі. 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет қарастырылған.Қаратау ауданы, Бозарық шағын ауданындағы 240 орындық «Жас-Қанат» жекеменшік мектебі – жоспарға сай 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет те болады.Қаратау ауданы, Достық шағын ауданындағы 300 орындық «Жан-Нұр» жекеменшік мектебі — 2 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, спорт зал, мед кабинет болмақ.Сонымен бірге, Асар шағын ауданындағы 500 орындық «Keremet-City», 240 орындық «Нұртас» интеллектуалды жалпы орта мектебі және Ақжайық шағын ауданындағы «PARASAT AJ» мектептері бой көтеруде.Барлық мектептің жаңа дизайнда, сапалы элементтерден жасалуы шахар басшысының жіті бақылауында.

Айта кетейік, сапалы білім беру мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп салу жоспарланған. Шымкентте өткен жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.

Оқылды 419 рет