Осыған орай Түркістан қаласында 1000 тегін «IT-сынып ашу» бастамасымен Балалар мен жасөспірімдер орталығынан ІТ кабинетке 4 296,0 мың теңге қаралып, кабинет жабдықталды. Қазіргі таңда ІТ кабинет мұғалімі арнайы курстан өтіп жатыр. Бұл IT-сыныптардың өскелең ұрпақ үшін мәні мен маңызы ерекше. Себебі ол мектеп оқушыларының қарапайым алгоритмдер құру, еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалар және WEB-сайттар жасау дағдыларын меңгеруіне жағдай туғызады. Бұл ретте болашақта технопарктер де ашу жоспарланып отыр. Бұл алдыңғы қатарлы цифрлық дағдылар мен білімнің қолжетімділік проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.